«АктобеГорДорСтрой» ЖШС жол-құрылыс кәсіпорны («АГДС» ЖШС) 1998 жылы 1960 жылдан бастап Ақтөбе облысында автожолдар құрылысы мен күрделі жөндеумен айналысқан «Гордорстрой» ААҚ негізінде құрылған. Қазіргі таңда «АГДС» -ның өндірістік қызметтің бүкіл айналымын кенді емес құрылыс материалдарын және асфальтобетон өндіруден бастап жол құрылысы бойынша «кілтіне дейін» барлық жұмыстар орындауды қамтамасыз ететін кешенді инфрақұрылымы бар.
Компания қызметінің негізгі түрлері:
- автожолдар құрылысы;
- автожолдардың күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуі;
- жолдарды қыста және жазда ұстау және күту;
- аумақты абаттандыру;
- жер жұмыстары;
- асфальтобетон қоспасын өндіру және сату;
- автомобильдік тасымалдар.
Бүгінгі таңда жолдар сапасын жақсарту үшін инновациялық материалдар енгізу бойынша эксперименталдық жұмыстар жүргізілуде.