Біз туралы

«DASTAN» компаниялар тобы  («DASTAN» КТ) – құрылыс, девелопмент, қонақжайлылық және жылжымайтын мүлікті басқару бағытында Ақтөбе және Атырау қалаларында инвестициялық қызмет жүргізетін көппішімді компания.

Жылжымайтын мүлікті басқару
«DastanCenter» «А» класты бизнес орталығы, «DastanOptimum» «В» класты бизнес орталығы, тұрғын үй апартаменттері.

Қонақ үй бизнесі
Ақтөбе қаласындағы «DastanHotelAktobe» бизнес отелі және Атырау қаласындағы «DastanHotelAtyrau» төрт жұлдызды отелі.

Азаматтық және жол құрылысы
Тұрғын үй, офистік ғимараттар, өнеркәсіптік жайлар құрылысы; автокөлік жолдарының құрылысы мен жөндеуі.

Металды безендіре соғу

Күрделі декоративтік және функционалдық соғылған бұйымдарды жасау мен дизайны.

 

Даму кезеңдері
1991

«DASTAN» компаниялар тобы құрылды.

1991-1997

«DASTAN» компаниясының 1991 және 1997 жыл аралығындағы құрылу кезеңіндегі қызметінің негізгі түрі өндірістік және коммерциялық-делдалдық қызмет болып табылды. Компания темір-бетон бұйымдар шығаруға, сонымен қатар алыс және жақын шетелден Қазақстан Республикасына құрылыс материалдарын, халық тұтынатын тауарларды, тұрмыстық химия, жанар-жағармай материалдарын көтерме жеткізуге мамандандырылған. Компания Қарағанды  металлургия комбинаты, Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі, Қарағанды және  Шымкент цемент зауыттары сияқты ірі қазақстандық кәсіпорындармен серіктес болды.

1997

Ақтөбе қ. жалпы ауданы 8 мың шаршы м. тұрғын үй кешені мен «DASTAN» қонақ үйі салынды. Кешеннің ашылуына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев қатысты.

1998

 «DASTAN» компаниялар тобының құрамына Ақтөбе облысында 1960 жылдан бастап автокөлік жолдарының құрылысы мен жөндеумен айналысқан Ақтөбе «ГорДорСтрой» жол-құрылыс мекемесі кірді. Мекеме негізінде «АктобеГорДорСтрой» («АГДС») ЖШС құрылды.

1999
1999-2002 жж. «АГДС» ЖШС Атырау қаласында жасалған қаланың автокөлік жолдарының күрделі жөндеуі мен реконструкциясы бойынша ауқымды жұмыстарға қатысты.

2000
Қызметін Атырау қ. қонақ үй құрылысымен бастаған дербес құрылыс кәсіпорны құрылған.  Жобаның инвесторы және бас мердігер «DASTAN» КТ болып табылады.

2002
«Dastan Hotel Atyrau» халықаралық деңгейдегі 4-жұлдызды қонақ үйінің ашылу рәсімі болды. Рәсімге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев қатысты.

2003
«DASTAN» КТ қызметінің жаңа бағыты кенді емес құрылыс материалдарын шығару, қайта өңдеу және жеткізу болды. Ақтөбе облысында компания әк тастардың Ақжар кеніші мен Хлебодаров құм кен орнын ашты.

2003-2005
Ақтөбе қаласында жалпы ауданы 20 мың шаршы м. кезекті сәулет тұрғын үй кешенін тұрғызып, пайдалануға енгізді.

2007

Ақтөбе қ. 11 қабатты «А» класындағы «Dastan Center» бизнес орталығы, «Dastan Hotel Aktobe» бизнес отелі мен «Dastan Optimum» бизнес орталығынан тұратын сәулет кешені пайдалануға берілді. Нысанның жалпы ауданы 10 мыңнан астам шаршы метрді құрады. Кешен дамыған инфрақұрылымы бар қала орталығында орналасқан.

Компания клиенттері – Halliburton, «Korean National Oil Corporation» компаниялар тобы, ENRC, Total E&P Kazakhstan, SMS Siemag Group, «Юбилейное» ЖШС сияқты ірі шетелдік және қазақстандық компаниялар. «Dastan Hotel Aktobe» отелі үш санатты нөмірлер, мейрамхана, екі конференц-залы, сондай-ақ, жайлы жайғасым мен іскерлік міндеттерді шешуге қажетті басқа мүмкіндіктерге ие.

2011

«DASTAN» КТ жобасы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына кірді. Жоба шеңберінде қуаты жылына 100 мыңнан астам тонналық асфальтобетонның жаңа заманауи өндірісі құрылды.

Ақтөбе қаласында жалпы ауданы 8 гадан астам офистік және өндірістік жайлары бар өндірістік база пайдалануға берілді.

2013

«DASTAN» компаниялар тобы  «CITY ShoppingCenter» сауда кешенінің жобасын іске асыруға кірісті.


ЖШС «Дастан» 2020
createbyibecsystemscom