«DASTAN» компаниялар тобы «А» класындағы жаңа сауда кешені – «CITY ShoppingCenter» құрылысын жүргізуде. Орталық Ақтөбе қаласының қарқынды дамып келе жатқан әкімшілік-мәдени орталығында, Әбілхайыр хан атындағы орталық даңғыл бойында орналасқан. Ыңғайлы орналасуының арқасында, сауда кешені әлеуетті жалдаушылардың сұранысына ие. Өзінің фирмалық дүкендерін ашуға желілік ритейлдің 40-тан астам өкілі мүдделі.
Нысанды аяқтау 2014 жылға жоспарланған, орталықтың жалпы ауданы 5 мыңнан астам шаршы метрді құрайды. «DASTAN» компаниялар тобы қаланың сервистік ортасының дамуына мүдделі және жобаның ақтөбеліктердің лайықты сауық орны болатынына үмітті.
Нысанның сипаттамалары:
· Заманауи дизайн. Ғимараттың жобасын EROZU Architects атты түрік компаниясы жасаған. Жобаға сәйкес, ғимараттың 4 қабаты болады. Сәулетшілердің ойынша, ғимараттың қабаттары сатылы пирамидадан тұрады, оның ең жоғарғы қабатында орналасатын жазғы террасалы, панорамалы көрінісі бар мейрамхана жалпы алғанда 300-ге жуық қонақ күтуге дайын болады. Орталықтың бірінші қабатына террасалы кофехана орналасады.
· Дамыған инфрақұрылым мен оңтайлы орналасу. Кешеннің жанында танымал демалыс орындары – Сулы-жасыл бульвар мен Тұңғыш Президент атындағы саябақ, ірі тұрғын үй кешендері, банктердің бас кеңселері жайғасқан; WorldClass жаңа тұрғын үйі мен фитнес-орталығының құрылысы жүргізілуде.
· Мейрамхана кешені. Кофехана, қалаға шығатын жазғы терраса мен 300 адам сиятын мейрамхана.
· Мол жүргіншілер ағыны.
· Кондиционерлеу және желдетудің орталық жүйесі.
· Бейнебақылау, өрт қауіпсіздігі мен өрт сөндіру жүйелері.
· Заманауи лифтілер мен эскалаторлар.
· 100 орындық тұрақ.
· Сервистік техникалық қызмет пен клинингтік қызметтер.
Клиенттің тапсырмасы бойынша жайларды жеке жоспарлау мүмкіндігі.